14:05, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Біз халыққа шындықты барынша ашып айтқанымыз жөн ? О.Мұхамеджанов
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Біз халыққа шындықты барынша ашып айтқанымыз жөн. Алдағы уақытта елдегі бірқатар тауар түрлерінің бағасы өсуі мүмкін.

Мәселе қандай тауар түрлерінің өсетіндігінде болып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның пайымдауынша, республикаға теңгенің девальвацияланғанына дейін әкелінген тауарлардың бағасы онсыз да өспейді. Ал жергілікті тауарлардың өсуіне жол бермеу қажет. «Әкімдер ауық-ауық дүкендерді аралап, тауарлар бағасының шектен тыс шарықтап кетпеуін жіті қадағалаулары керек. «Нұр Отан» партиясының өкілдері де бұл жағдайға байланысты арнайы мониторинг жүргізе отырып, «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп үйренген жылпостардың жағдайдың пайда табу көзіне айналдырмауын бақылауы тиіс»,- деді О. Мұхаметжанов.