17:48, 30 Маусым 2010 | GMT +5
Біз Қазақстан Президентінің Қырғызстандағы ахуалды реттеудегі маңызды рөліне ерекше разымыз - Я.Кубиш
СТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубишті қабылдады.

Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
- Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының нәтижелерін оң бағалаймыз. Еліңіз бұл тұрғыдан алғанда үлкен табыстарға қол жеткізді деп есептеймін. Біз Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстандағы ахуалды реттеудегі маңызды рөліне ерекше разымыз, - деді Я.Кубиш.