Біз Қазақстан Президентінің тамыздың 29-ын ядролық қарудан бас тарту күні деп атау жөніндегі бастамасын қолдаймыз -БҰҰ өкілі

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тамыздың 29-ын ядролық қарудан бас тарту күні деп атау жөніндегі ұсынысын қолдаймын.
None
None


Оны тек мен емес Біріккен Ұлттар Ұйымының төрағасы да жақтайды. Бұл бастамаға біздің ұйым толық қолдау білдіріп отыр», деді бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы төрағасының орынбасары Сергей Орджоникидзе Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының III съезі барысында журналистерге берген сұхбатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз ядролық қарудан бас тарту шараларына көп болып күш салудамыз. Бұл тиісті келісімде көрсетілген басты мәселелердің бірі. Сондықтан біз осы мақсатқа ақырындап жылжи беруіміз керек. Әңгіме тек біздің ойлаған мақсатқа қалай жететіндігімізде болып отыр», деді Бас хатшының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар