Біз Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасын орындауға инвесторлардың келуіне жағдай жасауымыз керек - Елбасы

Елбасының айтуынша, алдағы он жылдықта индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 7 трлн. 300 млрд. теңгені құрайтын 237 өндіріс орнының құрылысын салу жоспарланып отыр. Оның 144 биыл іске қосылады. 72-сі бірінші жарты жылдықта пайдалануға беріледі. Мұның ішіндегі 12 кәсіпорын Павлодар облысының аумағында орналасқан. Мемлекет басшысы Қазақстан тәуелсіздік жылдар ішінде толайым табыстарға қол жеткізгенін айта келе, енді тәуелсіздікті нығайту үшін салмағы бұрынғыдан еш кем емес міндет - елді индустрияландыру тұрғанын атап көрсетті. «Біз шикізатқа, газға, мұнайға және металға тәуелділіктен арылуымыз керек. Өндіріс орындарын салып, елімізді индустрияландыруды қамтамасыз етуіміз керек. Бұл өте ауқымды міндет. Бізге ешкім де жаңа технологияларын, қаражатын құр бекерге бере сламайды. Біз индустрияландыру бағдарламасын орындауға инвесторлар келетіндей жағдай жасауымыз керек», деді Н. Назарбаев