14:25, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Біз Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасына Түркияның ірі бизнесінің қатысқанын қалаймыз - Н.Назарбаев
СТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Біз Түркияның ірі бизнесінің Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қатысуын қалаймыз. Бұл туралы бүгін Ақордада Түркия президенті Абдолла Гүлмен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылы мен Түркияға ресми сапар жасадым. Онда біздер стратегиялық әріптестік орнатуға келістік. Содан бері көптеген жұмыстар жасалды. Қазақстанға көптеген түрік бизнесмендері келді. Қазргі таңда Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Біз Түркияның ірі бизнесінің осы бағдарламаға қатысуын қалаймыз», деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда түркиялық капиталдың қатысуымен 1500-ге жуық компаниялар жұмыс істеуде. Алайда бұл жеткіліксіз. Олардың санын ұлғайту қажет.