Біз Қазақстанды келесі сапалы, шешуші кезеңге - жоғары деңгейлі технологиялар мен инновациялар әлеміне дайындаудамыз - Н.Назарбаев

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Ғалымдар мен зерттеушілердің және ғылыми қызметкерлердің Қазақстанның дамуына шешуші үлес қосатын уақыты жетті»,-деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғалымдарының форумында.
None
None

«Біз жаңа заңның қабылдануы арқылы ғылым саласында серпіліс жасау үшін институционалдық негіз қаладық. Бүгінгі жиынның Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатқаны да жақсылықтың нышаны. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қысқа мерзім ішінде өте ауқымды шараларды атқаруға мәжбүрлеген ерекше кезең еді. Онда Тәуелсіз елдің экономикасы немесе мемлекеттік басқару жүйесі қандай болуы керек деген сияқты мәселелерге қатысты бүтіндей бір ғылыми жобалар аз ғана уақыттың шінде қабылданды. Қабылданып қана қоймай, нақты бір заңдар мен тәжірибелік шешімдерге айналды»,-деді Елбасы.

Сондай-ақ Президент еліміздің осы уақытта екі онжылдықты қорытындылағалы отырғандығын атап өтті. «Біз Қазақстанды келесі сапалы шешуші кезеңге - жоғары деңгейлі технологиялар мен инновациялар әлеміне дайындаудамыз. Бұл көтерме сөз емес. Бізде басқа жол жоқ. Өйтпесек, біз өзге елдердің шаңын жұтумен боламыз.

Ендігі уақытта ғылым мен ғалымдардың маңызы тек артумен болады.

Ал бүгінгі форумның мазмұны мен мақсаттары Қазақстан ғылымының даму жолдары мен оның еліміздің тәуелсіздігін нығайтудағы жетекші рөлін анықтау»,-деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар