Біз қазақстандық әуе компанияларының ұшақтарына қызмет көрсетуге дайынбыз - Таллинн әуежайы басқармасының мүшесі С. Лииве

ТАЛЛИНН. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Таллинн әуежайы қазақстандық әуе компанияларының ұшақтарына қызмет көрсетуге дайын.
None
None

Бұл туралы Мемлекет басшысының Эстония Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында «Виктория-2» паромында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін компанияның басқарма мүшесі Сандор Лииве мәлім етті.

«Біздің арманымыз - қазақтар Нью-Йоркке Таллинн арқылы ұшса дейміз. Барлығы бұл мәселені маңызды деп санайды және де, менің ойымша, алдағы уақытта бұл салада ілгерілеушілікке қол жетеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бүгін болған кездесуде бұл мәселе тағы да сөз болды. шынымен де елдеріміз арасында тікелей байлынс болғаны қажет», - деді С. Лииве.

Соңғы жаңалықтар
Референдум