Біз қазір тығырықтан шығуды ғана мақсат тұтпай, дағдарысты алдағы уақытта болдырмауды да ойластыруымыз керек ? академик Ораз Баймұратов

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан экономикасы енді екі бағытпен жүруі керек.
None
None
Оны Қазақтың Т. Рысқұлов атындағы Экономика университетінің жанындағы Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры Ораз Баймұратов бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстанның дағдарыстан шығу жолдары» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны кезінде ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.«Дағдарыстан шығу кезінде қазір ғалымдардың алдында, менің ойымша екі жол бар. Біріншісі, қазіргі таңда атқаратын, жасайтын шаралар. Екіншісі, оны болашақта болдырмайтын жағдайды ойластыру. Өйткені экономикада, қарап отырсаңыз, дағдарыс жиі-жиі болып жатыр. Оның басты себептерінің бірі, менің ойымша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан шығудың кілті» деп аталатын мақаласында айтылғандай Халықаралық валюта жүйесі мен халықаралық қаржы жүйесінің дұрыс құрылмауында жатыр. Соның салдарынан әлемдік экономика осындай үлкен дағдарысқа ұшырап отыр», дейді ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымының докторы, профессор Ораз Баймұратов. Оның пайымдауынша, алдағы уақытта да осындай мәселелер болмауы үшін адамдар енді алдағы болашаққа арналған ойларды көтеруі керек. Бұл қазір әлеуметтік экономиканы құруға байланысты туындап отыр. «Бұл экономиканың үш тірегі болу керек. Олар ? демократиялық үрдістер, демографиялық және рухани даму. Осы үш үрдісті біріктіріп экономиканы олармен бірге жүргізіп отырсақ, яғни үйлесімділік жасасақ сонда ғана болашақта мұндай дағдарыстың болмайтын жолын табуға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Қазір әлемде кейбір ислам елдері ғана әлеуметтік экономиканы құру жолында келе жатыр. Оған Малайзия мен Сауд Арабиясын мысалға келтіруге болады. Оны Батыс Еуропа елдері де құруға әрекеттенуде, бірақ онда біз жоғарыда атап өткен экономиканың тіректері толық емес, нақты айтқанда рухани даму жоқ. Біз осыны ескере отырып өзімізге тұжырымдар жасауымыз керек. Экономика үш тіреке сүйенбесе ол әрдайым ақсап, дағдарысқа ұшырай береді», дейді әйгілі экономист ғалым. Оның айтуынша, батыстың экономикалық даму жолында келе жатқан елдері өз бағытын өзгертпесе АҚШ-тағы ипотека дағдарысынан басталған әлемдік экономикадағы бұл дүрбелеңнен шыққанмен, дағдарыс алдағы уақытта тағы да қайталана береді. Сол себепті жаңа экономиканы құруды қазірден бастап қолға алу керек. Оны қоғам талқысына салып, үкіметтің әлеуметтік экономиканы ресми түрде қабылдауына жол салу қажет.
Соңғы жаңалықтар