Біз Кеден одағы ауқымында интеграциялық үдерістерді нығайту жөнінде мақсатты сарабдал саясатты жалғастыруға ниеттіміз - Қазақстан Президенті

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы құжаттар жобасы 2014 жылғы 1 мамырға дейін мемлекеттер басшыларының қарауына ұсынылады, деп хабарлады БЕЛТА.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада журналистерге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша мәлім етті.

«Біз оны 2015 жылғы 1 мамырдан бастап іске қосамыз, ол үшін 2014 жылдың 1 мамырына құжаттар жобасы мемлекеттер басшыларының қарауына ұсынылуы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Кеден одағын және Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамытудың неғұрлым өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі жұмыстың барысы қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша интеграцияның негізгі бағыттары бойынша шешімдер қабылданды. Бұл шешімдерде Еуразиялық экономикалық одақты құрудың және дамытудың негіздері бекітілген.

«Біздің интеграциямыз кезең-кезеңмен жүргізіледі. Қазір басты мақсат - Кеден одағынан барлық алуларды жою, Бірыңғай экономикалық кеңістікті түпкілікті қалыптастыру. Осы жұмыстардың негізінде біз интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдету жөнінде шешім қабылдаймыз», - деп мәлім етті Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев әңгіме прагматизмге және тұтастай алғанда Одақтың мүше-мемлекеттері үшін өзара тиімділігіне негізделген тек қана экономикалық интеграция жөнінде болып отыр, деп атап көрсетті.

Астанадағы отырыс қорытындысымен сондай-ақ мемлекет басшылары бірқатар шешімдерге қол қойды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда саласындағы халықаралық келіссөздер жүргізу мәселесі бойынша жұмыс регламентіне өзгерістер енгізілді. «Бұл құжат Кедендік одақ мүше-мемлекеттеріне белсенді өзара іс-қимыл жасауға және комиссия алаңын пайдалануға мүмкіндік береді. Ол сауда бойынша біздің әріптестеріміздің аясын кеңейтеді, бұл біздің елдеріміздің бұрынғыдан да тығыз интеграциясы үшін өте-мөте маңызды», - деп түсіндірді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшылары сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік мүше-мемлекеттерінің келісілген агроөнеркәсіптік саясаты тұжырымдамасын мақұлдады. Статистика саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісім қабылданды.

Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті кеңейту перспективалары мәселелері арнайы блокпен қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, мемлекет басшыларының келесі кездесуі Минскіде қазанның соңында өтеді, ал желтоқсанда тараптар Мәскеудегі саммитке жиналады. «Біз Кеден одағы ауқымында интеграциялық үдерістерді нығайту жөнінде мақсатты сарабдал саясатты жалғастыруға ниеттіміз. Мемлекет басшылары кезекті рет біздің тең құқылы қатынастарымыздың әлеуетін тиімді пайдалануды табанды жақтайтынын атап көрсетті», - деді Қазақстан Президенті .

Сонымен қатар ол интеграциялық үдерістерді дамыту - үлкен күрделі үдеріс, сондықтан да әрине, бұл жолда кейде белгілі бір қиындықтар да туындайды деп атап өтті. «Дегенмен, ең бастысы - мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері бар және Еуразиялық экономикалық комиссия осы барлық мәселелермен қауырт жұмыс істеуде», - деп қосты Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар