Біз кез келген адамға діни сенімі мен көзқарастарына қарамастан оған құрметпен қарап, мұң-зарын түсінуге тиіспіз - Түркия Үкіметінің өкілі

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- « Діннің Адам ата мен Хауа анадан басталып, біздің осы уақытқа дейінгі өмірімізге ортақ құндылықтар алып келгені белгілі.
None
None


Әлемде әулие адамдар жоқ. Әулие тек пайғамбарлар ғана. Қалғандарының бәрі пенде. Ал біздің жеке басымыздағы кемшіліктердің қаншалықты көп болатындығы өзіміздің қолымызда. Осы орайда айта кететін мәселе, қазір әлемнің көптеген елдерінде халықтар діннен алшақтап кетті. Бұл - бүгінгі күннің ақиқаты. Бүгін  Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан  Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясындағы секциялық отырыста Түркия Үкіметінің Дін істері жөніндегі басқармасының жетекшісі Әли Бардакоғлу осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның пайымдауынша, адамзаттың бүгінгі мақсаты - адамдардың арасында рухани құндылықтарды нығайтып, діннің рөлін насихаттау болуы тиіс. «Бүгінде әлемде нашақорлық, лаңкестік пен түрлі зорлық-зомбылықтар, қоршаған ортаның ластануы сияқты көптеген проблемалар бар. Мені таңқалдыратыны, дін басшыларының ешқайсысы да осы мәселелерге қатысты жауапкершіліктерін сезініп отырған жоқ. Ал шын мәнінде халықаралық деңгейдегі жағдайларға мемлекеттердің басшылары да, діни ұйымдардың басшылары да жауапты және олар осы жауапкершілікті сезінулері тиіс. Олар біз атап өткен қауіптердің алдын алуға күш салулары қажет. Біз көп болып ортақ проблемаларды шешуге тырысуымыз керек. Жер бетінде орын алып отырған небір сұмдық оқиғалардың барлығы да адамдардың қолымен жасалып жатыр. Ал біздің диалогымыз - еркіндікке негізделген диалог және ол ешқашан да белгілі бір діннің ғана мүддесін көздемеуі тиіс. Сонымен қатар ол адамдардың бостандықтарын да шектемеуі жөн. Біз азаматтардың көзқарастары мен діни сенімдеріне қарамастан оның жан-дүниесін түсінуге тырысуымыз керек», - деді Түркия өкілі.

Соңғы жаңалықтар