Біз қоғамымыздың ілгерішіл болуына мүдделіміз - «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің төрағасы

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Барлығымыз да қоғамымыздың жарқын, ілгерішіл болуына мүдделіміз.
None
None

Гарвард университетінің сарапшы-оқытушысының қатысуымен БАҚ жетекшілерімен қатар, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жетекшілеріне арнап «Нұр Отан» ХДП-да өткен семинар барысында партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков осындай пікірін жеткізді.

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының орталық кеңсесінде масс-медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтарын өткізу дәстүрге айналған. Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған тапсырмаларының бірі мемлекеттік органдардың қоғаммен байланыс орнатуы болып отырғандықтан, біраз уақыттан бері біз семинарға мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жетекшілерін де шақыруды жөн көрдік», - деді партия өкілі.

«Мими Теннисон Госсқа семинарға қатысқаны үшін алғысымды айтқым келеді. Барлығымыз да қоғамымыздың жарқын, ілгерішіл болуына мүдделіміз. Біздің өткізіп отырған іс-шарамыз да осы мақсатқа бағытталған», - деп толықтырды сөзін Боран Рахымбеков.

Масс-медиа саласындағы танымал жаттықтырушы, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінің оқытушысы Мими Теннисон Госс спикері болған семинарды «Бас редактор клубы» Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар