Біз қызметке біліктілігі жоғары жастарды тартуымыз қажет - Н.Назарбаев

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Нұр Отан» партиясының күш-қуаты - бірлікте. Біз берік бірлігіміздің арқасында ұлан-ғайыр жетістіктерге жеттік.
None
None

Алдағы уақытта ауызбірлігімізді нығайта түсіп, бұдан да биік белестерді бағындырарымыз сөзсіз», - деді бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде.

«Экономиканы ауқымды жаңғырту мен қоғамды жаңарту партия үшін үлкен сынақ болғалы тұр. Партияның болашақ тағдыры мен еліміздің кемел келешегі «Нұр Отан» партиясының салиқалы бағытына байланысты болмақ. Бүгінгі съезд барысында айтылғандарды шешу оңай емес. Әрине әрбір министрлікте, ведомствода алға қойған мәселелерді шеше алатын, соған білім-білігі жететін адамдар керек. Біз қызметке біліктілігі жоғары жаңа ұрпақ әкелуіміз керек. Не үшін біз дүниежүзінің түкпір-түкпірінде балаларымызды оқытып жатырмыз?! Сол балалар елімізге жаңа леп, жаңа күш алып келулері керек. Сонда ғана біз алға екпіндеп жылжитын боламыз», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар