«Біз мәңгілік ел боламыз» атты республикалық патриоттық әндер байқауы өтті - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдау мақсатында «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты республикалық патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
None
None

Байқау ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәдени және рухани дәрежесін көтеруге, патриоттық тәрбиеге, көп ұлтты Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттауға бағытталды.

2011 жылдан бастап патриоттық әндердің байқауын ұйымдастыру бүгінде дәстүрге айналып отыр. Ағымдағы жылы патриоттық әндердің бірінші кезеңі Орал, Павлодар және Алматы қалаларында өтіп, оған ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, өңірлердегі мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының қызметкерлері мен өнер ұжымдары қатысты.

Байқаудың қорытынды кезеңі 10 желтоқсанда Астана қаласында өтті, онда 37 ішкі істер органдарының өнерпаздары мен өнер ұжымдары, өңірлік байқау кезеңінен өткен жүлдегерлер мен дипломанттар өнерлерін көрсетті.

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша 12 үздік өнерпаз бен өнер ұжымы іріктеліп, кеше «Жастар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған Гала-концертте ән шырқады.

Іс-шараның салтанатты бөлігінде 1, 2, 3-дәрежедегі дипломдар мен бас жүлде, басқа да ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Бас жүлдені Қызылорда ҚІІБ инспекторы Шынар Мырзалиева жеңіп алды. Бірінші орын Көліктегі ІІД бөлім бастығы Шоқан Жүзеновке берілді. Екінші орынды Жамбыл облысы ІІД инспекторы Нұрым Қойгелдиев ал үшінші орынды Қарағанды ҚІІБ полиция бөлімінің технигі Меруерт Тойбекова иеленді.

Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметінің «Күзет қырандары» ансамблі, Ақтау қаласы ІІД ЖБО аға инспекторы-кезекші Төренияз Азизаев, Қарағанды ҚІІБ бөлім бастығы Жанатай Сембеков, Көліктегі ІІД полицейі Дәурен Қабидулли, Алматы және Жамбыл облыстарының мамандандырылған күзет қызметінің инспекторлары Ермек Смағұлов пен Расул Дүйсенбаев, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары ІІД вокальдық топтары байқау дипломанттары атанды.

«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы қазақстандықтар үшін бірегей тарихи құжат болып табылады. Патриотизм - ол Отанға деген сүйіспеншілік, оған адал болу, қорғау, оның мүддесі үшін қызмет ету. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің патриоттық сенімдері «Мәңгілік ел» идеясына қолдау болып табылады» - деп гала-концерт барысында ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев атап өтті.

Гала-концерттің тақырыптық бағыты көп ұлтты Қазақстанның достығы мен бірлігін көрсетті. Қазылар алқасы осындай шаралардың ішкі істер органдары қызметкерлерін патриоттыққа тәрбилеуге өз үлесін қосатынын атап кетті.

Соңғы жаңалықтар