15:08, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Біз ортақ валюта шығаруды қолдаймыз ? РФ-ның Қазақстандағы Елшісі
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біз өз тарапымыздан ортақ валюта шығаруды қолдаймыз. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елшінің пайымдауынша, бұл мақсатқа аймақтық валютаны шығару арқылы жетуге болады. «Бұған уақыт және осы іске қатысатын елдердің экономикалық қызығушылығы болуы қажет. Олар ортақ валютаны шығаруға мүдделі болуға тиіс. Бүгінде Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық елдерге ортақ валютаны шығару жөніндегі ұсынысы қоғам арасында қызу талқыланып, қолдауға ие болып келеді. Біз өз тарапымыздан бұл идеяны қолдаймыз», - деді М.Бочарников.
Елші Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев алдағы уақытта өтетін БҰҰ саммитінде әріптес елдердің барлық ұсыныстарын жария ететіндігін жеткізді.