Біз осы жолы қандай Парламент сайлаймыз, ел болашағы, тыныштығы соған байланысты - Н. Назарбаев

        АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сайлау ұлысымызды ұйыстыра түсетін шара болу керек.
None
None

Бұл жайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы резиденциясында Президенттік және Мемлекеттік стипендия иегерлерімен болған кездесуде айтты.

        "Алда сайлау келе жатыр. Бұл  ұлысымызды ұйыстыра түсетін шара болуы керек. Елге ең керегі,  тыныштық пен халықтың бірлігі. Еліміздің аман, жұртымыздың тыныш болуы біз осы жолы қандай Парламент сайлаймыз, ел болашағы соған байланысты", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасы халықтың елімізде жүзеге асырылып жатқан  даму бағдарламаларын қолдайтынына өз сенімін білдірді. Бірлікті,  тыныштықты қорғау жолында ешкімнің   қалыс қалмауы керектігін айтты. Барсам да, бармасам да болады демей, әр адам өзінің азаматтық борышын атқаруы қажет деп санайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар