15:25, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Біз шикізаттық емес секторға салықтық жүктемені дер кезінде төмендетіп отырмыз ? Үкімет басшысы
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Салық кодексі арқылы біз шикізаттық емес секторға салықтық жүктемені дер кезінде төмендетіп отырмыз.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаңа Салық кодексінің қабылдануымен бірге экономиканың шикізаттық емес секторындағы кәсіпорындарға салықтық жүктеме төмендетілгені белгілі. Осының өзі 2009 жыл бойы осы сектордағы кәсіпорындарда 500 миллиардқа жуық теңге қалады деген сөз. Әрине, бұл мемлекет тарапынан жасалған ауқымды қолдау деп айтуға болады. Өйткені қазіргі күннің өзінде әлемнің алдыңғы қатарлы, экономикасы дамыған мемлекеттерде салықтық жүктемелерді төмендету ең өзекті мәселеге айналып отыр», - деді К. Мәсімов.
Сонымен бірге, Үкімет басшысы былтыр қабылданған Бюджет кодексі мен қаржылық тұрақтандыруға бағытталған заңдардың да қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша тиісті әсер еткенін атап өтті.