12:37, 20 Қараша 2022 | GMT +5
Біз тұрақтылықты таңдаймыз – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атақты спортшы Өскемен қаласының №47 мектебіндегі сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ Ольга Рыпакованың 18 жасқа толған қызы Анастасия қазір Түркияда спорттық жиындарда болғанына қарамастан, сол жерден дауыс беріп, өміріндегі алғашқы сайлауға қатысып отыр.
«Қазір әлемде түрлі жағдайлар болып жатыр. Сондықтан еліміз үшін осындай тарихи күнде белсенді азаматтық ұстаным танытып, дауыс беру өте маңызды. Біз тұрақтылықты, экономиканың жақсаруын және азаматтардың әл-ауқатының артуын таңдаймыз», - деді Олимпиада чемпионы.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да жас жұбайлар некелерін қидырған соң бірден сайлауда дауыс бергенін хабарлаған едік.