Біз үш жылдық бюджеттің мүмкіндігін әлі сезіне алмай келеміз - Г. Қарағұсова

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Біз үш жылдық бюджеттің мүмкіндіктерін әлі сезіне алмай келеміз. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депутат Гүлжан Қарағұсова осылай мәлімдеді.
None
None

Депутаттың пайымынша, үш жылдық бюджет бұл босаңсуға жол бермейді, керісінше егер жоспарлау дұрыс болса ол түрленуге де бейім тұрады. Алайда, қазіргі жағдайда біз оның мұндай мүмкіндіктерін еш көре алмай келеміз.

«Экономика - бұл объективті дүние және ол қашанда бағдарлама әкімшілерінің іс-әрекетіне тәуелді бола бермейді. Рас, кейде форс-мажорлық жағдайлар да орын алып жатады. Алайда, бұл бағдарламаның уақытына әсер еткенімен, оны тоқтатып тастамауы керек қой?! Бұл жағдайларға келсек, үш жылдық бюджет еш босаңсытпайды. Алайда, біз өзіміз ойлайтындай үш жылдық бюджетті әлі күнге жасай алмай келеміз», - дейді Г. Қарағұсова.

Оның айтуынша, жыл сайын бюджет нақтыланып, оның параметрлері бір жылға бекітіледі. «Ал қалғанын біз индикативтік түрде бекітеміз. Ал соның кесірінен келер жылдың бюджеті келгенде параметрлер мен индикативтік параметрлер сәйкес келмей жатады. Бұндай бюджеттік заңнаманы жетілдіру қажет деп ойлаймын», - деді Г. Қарағұсова.

Соңғы жаңалықтар