18:08, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Біз үшін әрбір адамның орны бөлек ? Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
АҚТӨБЕ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – «Біздер қаланың барлық тұрғындарын ұлттық санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз, осы күндері сіздердің үйлеріңізге санақшы келмесе де азаматтық саналылық танытыңыздар, санақ учаскесіне өздеріңіз барыңыздар.
Сіздер мен біздердің таяудағы 10 жыл ішіндегі болашағымыз осы санақтың нәтижесіне байланысты», ? деп халыққа мәлімдеме жасады Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова бүгін болған баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның айтуынша, Ақтөбе халқының құрамы мен саны туралы жаңа статистикалық деректер негізінде алдағы он жылға арналған бюджет әзірленетін болады, бұл ? жаңа балабақшалардың, ауруханалардың, мектептердің және басқа да әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын салуға, кадрларды даярдауға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға және т.б. арнап қаржы бөлу деген сөз. Әлеуметтік саланы қаржыландыру халықтың есебі бойынша есептелген мемлекеттік нормативтерге негізделе отырып жүргізеді.«Біздер үшін әрбір адамды есепке алған маңызды, нақтылы деректер біздер мен болашақ ақтөбелік жас ұрпақ үшін қажет. Алдын-ала деректер бойынша қалада 370 мыңға жуық адам тұрады, ал іс жүзінде ? 400 мыңнан астам адам болуы мүмкін», ? деді ол.