Біз үшін денсаулық сақтау мен фармацевтика саласындағы ынтымақтастық маңызды - Санкт-Петербор губернаторы

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Астана мен Санкт-Петербор дамудың жаңа жолдарын зерделеуде. Бұл туралы ол бүгін елордада өтіп жатқан «Астана - Санкт-Петербор: стратегиялық және инвестициялық әріптестік» бизнес форумында аталған ресейлік қаланың губернаторы Георгий Полтавченко мәлім етті.
None
None
«Біздің қалада бүгінде бірнеше кластерлер табысты қызмет етуде. Оның ішінде автокөлік, фармацевтика, кеме құрылысы, радиоэлектроника мен ақпараттық технология кластерлері жұмыс істеуде. Атап айтқанда, біздің қаланың болашағы инновациялармен тікелей байланысты»,-деді қала басшысы. Оның сөзіне қарағанда, екі қаланың арасындағы өзара қарым-қатынастың ең тиімді бағыттарының арасында денсаулық сақтау мен фармацептикалық өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық маңызды саналады. «Менің ойымша, біздің ортақ мақсат бірлескен күш-жігермен жоғары технологиялы медициналық көмекке, сондай-ақ сапалы дәрілік препараттарға қол жетімділікті қамтамасыз ету»,-деді Санкт-Петербор губернаторы.
Соңғы жаңалықтар