Біз үшін Қазақстан стратегиялық әріптестердің бірі болып саналады - Чехия министрі М.Куба

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінде біз үшін Қазақстан стратегиялық әріптестердің бірі болып саналады. Сондықтан Чехия осы елмен ынтымақтастық байланыстарды барынша дамытуға мүдделі.
None
None

Бүгін Астанада Қазақстан - Чехия технологиялық орталығының ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Чехияның Сауда және өнеркәсіп министрі Мартин Куба осылай айтты.

«Чехияның Сауда және өнеркәсіп министрлігі, сондай-ақ біздің кәсіпкерлер жүргізген зерттеулердің нәтижесінде 12 стратегиялық маңызы бар мемлекетті анықтаған болатын. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біз өзіміз сіздердің (Қазақстан - авт.) өсу деңгейлеріңізді жіті бақылап, экономикалық әлеуетіңізді байқап келеміз. Бүгінде Чехия кәсіпкерлері осы жерде өз бизнестерін ашуға мүдделі. Бірақ ол екі жаққа да тиімді болуы шарт», - деп атап көрсетті М.Куба.

Соңғы жаңалықтар