Біз жаңа жалпытүріктік құрылымдарды дамыту жолында Түркиямен бірлескен күш-жігерімізді жалғастыра береміз - Президент

ыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Біз жаңа жалпытүріктік құрылымдарды дамыту жолында Түркиямен бірлескен күш-жігерімізді жалғастыра беретін боламыз. Бүгін АқордадаТүркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лале Үлкер ханымнан Сенім грамотасын қабылдау рәсімінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Қазақстан алдағы уақытта да Түркияның Азия кеңесіндегі төрағалық қызметіне қолдау көрсетеді. Біз сондай-ақ жаңа жалпытүріктік құрылымдарды дамыту жолындағы бірлескен күш-жігерімізді жалғастыра беретін боламыз», деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан Түркия Республикасымен алуан салаларда байланыстарды дамытуға үлкен мән беретіндігін де атап көрсетті. «Бауырлас түрік елімен әріптестіктің стратегиялық деңгейі менің былтыр Анкараға жасаған ресми сапарым барысында бекітілді. Екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңызы өте зор. Бұған бірлескен жаңа синергия бағдарламасы тың қарқын беруі тиіс деп есептеймін», деді Президент.

Осы орайда Н. Назарбаев: «Үстіміздегі жылғы мамыр айында Астанада Президент Гүл мырзаның қатысуымен ашылған Түркия Елшілігінің жаңа ғимараты, құрметті Елші ханым, сізді елдеріміздің игілігі үшін жаңа жетістіктерге ынталандырады деп сенемін», деді Елбасы Л. Үлкерге қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар