08:57, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
«Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз!» - Тараз жастарының акциясы
ТАРАЗ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу шараларының аясында «Біз –Жеңіс мұрагерлеріміз!» деп аталған акция өтті.

Бұл шара «Тараз қанаттары» авиациялық жастар орталығының тарапынан ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Авиациялық орталық жетекшісі Анатолий Кисильдің айтуынша, орталық курсанттары, Тараз бен облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауданының мектеп оқушылары қаза тапқан жауынгерлердің мемориалы жанында жиын өткізіп, ел басына күн туған жағдайда Отан қорғауға дайын екендерін мәлім етті. Жастардың алдында сөз сөйлеген Қорғаныс департаментінің, «Нұр Отанның» Жамбыл филиалының өкілдері, интернационалист-жауынгерлер оларға рухы жоғары азаматтар болып өсуге тілектестік білдірді. Одан кейін Тараздағы «Бүркіт» дельтадромында авиациялық орталықтың жастары парапланмен ұшу шеберліктерін көрсетті. Скаладромда Жамбыл облыстық Тау туризмі және шыңға өрмелеу федерациясының тәрбиеленушілері өз өнерлерін паш етті.