17:37, 24 Қаңтар 2020 | GMT +5
#БізБіргеміз: елордадағы «Алматы» ауданы әкімдігі челленджді қолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алматы» ауданы әкімдігінің қызметкерлері қала тұрғындары және қызмет көрсетуші ұйыммен бірге «Біз біргеміз» челленджі аясында Мұстафин көшесіндегі аулалық аумақты қардан тазалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
![None None](/static/img/plug.webp)
Белсенді қызметкерлер елорда жастары бастаған челленджді қостап, #БізБіргеміз хештегімен өзге де мекемелерді науқанға қатысуға шақырды. Аталмыш шара елорда көшелерін қардан тазартуға және коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында бастаманың волонтерлер жылына сай екендігін атап өтіп, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау ұсынысын қолдайтындығын білдірді.
Айта кетсек, елорда еріктілерін алғаш қолдағандар қатарында белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері болды.