Бізде дінаралық ынтымақ бар - Мәскеу шіркеуінің өкілі

АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде дінаралық келісім туралы көп айтылуда. Мен білетінім, бізде дінаралық ынтымақ бар. Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясындағы «Дағдарыстар кезіндегі ынтымақ» секциясында сөз сөйлеген Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімі бастығының орынбасары, протоиерей Георгий Рябых осылай айтты,
None
None


 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ендігі жерде, бүгінгі Съезге қатысушылар атап көрсеткендей, осы ынтымақты іске асыру - басты міндеттердің бірі. Бастапқыда дінаралық сұхбат мәселесі көтерілген кезде, оны көптеген елдердегі экстремизм мен сепаратизмге қарсы құрал ретінде қарастырған болатын. Осының нәтижесінде бұл мәселе көптеген елдерде қызу талқылана бастады. Қазір болса, кейбір саяси күштер бұл сұхбатты өз пайдасына асыруды көздеп, өз мақсат-мүддесіне пайдаланып кетуді ойлай бастады. Әрине, бұл жағдай әлемдік дінбасыларды мазалауда. Сондықтан бүгінгі таңда саяси және діни қарым-қатынастардың үндестігін қамтамасыз ету қажет», - дейді Г.Рябых.

Сондай-ақ Г.Рябых Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Дінбасылар кеңесін құру идеясына қосылғандығына өз ризашылығын білдіріп: «Ондай бастамаларға мемлекет басшылары деңгейінде қолдау көрсетілсе, бұл идеялар тез арада жүзеге асатынына сенім мол», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар