15:26, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Біздер бауырластықта, бейбітшілікте және өзара сыйластықта өмір сүргенді қалаймыз - Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің президенті
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Біздер бауырластықта, бейбітшілікте және өзара сыйластықта өмір сүргенді қалаймыз.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінің ашылуы барысында Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің президенті Жан-Луи Торан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дағдарыс кезеңінде діндер басшыларының рөлі айрықша маңызды болып отыр және осы ұғымның қалыптасуы әлемді біз қай тұрғыдан көргіміз келсе, солай болатыны оған негіз болып табылады», - деді Ж-Л.Торан.
«Осында діндер басшыларының, ғалымдардың, түрлі қоғамдастық өкілдерінің қатысып отыруы біздердің бауырластықта, бейбітшілікте және өзара сыйластықта өмір сүргенді қалайтынымыздың жарқын үлгісі болып табылады», - деп сөзін қорытты Ж-Л. Торан.