11:57, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Біздің алдымызда елімізді асқар асуларға бастайтын тарихи маңызы зор, тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр - ҚР Президенті
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат / Руслан Ғаббасов/ - Біздің алдымызда елімізді асқар асуларға бастайтын тарихи маңызы зор, тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП- ның кезектен тыс 14-сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.
«Мен «Нұр Отан» партиясының 14 сьезі жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы болады деп кәміл сенемін. Біздің қуатымыз - бірлікте. Біз берік бірлігімізбен және бекем тірлігіміз арқылы ұлан-ғайыр жетістіктерге қол жеткіздік. Алдағы уақытта да иық тіресе жүріп, биік белестерді бағындыра беретінімізге сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын», деп түйіндеді сөзін Елбасы.