Біздің Ата Заңымыз ешкімдікіне ұқсамайтын бірегей Конституция болып табылады - профессор Ә. Шалтықов

АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Еліміздің Конституциясының 15 жылдығына орай бүгін Алматыдағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инситутында (ҚМЭБИ) алқалы жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Аталмыш жиынға оқу ордасының оқытушылар құрамы және Үндістан, Пәкістан елшілігінің өкілдері, Медеу ауданы ішкі саясат бөлімінің мамандары мен студенттер қатысты. Кездесу барысында басқа елдердің де Конституциясының қалыптасуы жайында пікірталастар мен ақпарат алмасу болып, еліміздің Конституциясының ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар 15 жыл ішінде елімізде орын алған өзгерістер мен қандай жетістіктерге қол жеткізгендігіміз талқыланды.

ҚМЭБИ-дің студенттер ісі жөніндегі деканы Шираз Парача Конституцияның әр елде маңызды орын алатынындығын айтты. «Конституция Қазақстан халқымен қабылданғандықтан оның ерігін білдіреді. Ол жоғарғы заң күшiне ие және елдiң өзге заңының негiзi болып табылады. Конституция негiзгi қоғамдық қатынастарды реттейдi және саяси, экономикалық, әлеуметтiк сияқты қоғам өмiрiнiң түгелдей саласын қамтиды», дейді Ш. Парача.

Профессор, саяси ғылымдарының докторы Әміржан Шалтықов елдер ешқашан бір-бірінің Конституциясын көшірмеу керектігін айтты. "Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, 15 жыл толайын деп отырған біздің Ата Заңымыз ешкімдікіне ұқсамайтын бірегей Конституция болып табылады. Өйткені ол қазақ халқының салт-дәстүріне негізделіп жасалған. Біздің Заңдардың тарихы тереңде жатыр", деп атап өтті өз сөзінде профессор.

Соңғы жаңалықтар