Біздің басты байлығымыз - тыныштық пен тұрақтылық - Тараздағы Успения Құдай ана храмының протоиерейі Георгий әкей

Рождесство Сочельнигі күні Тараздағы Успения Құдай ана храмына жиналған қауымды Христостың туған күнімен құттықтаған шіркеу протоиерейі Гергий әкей.
«Барша христиан әлемі осыдан екі жыл бұрын дүниеге келіп, тарихтағы жаңа дәуірді бастаған Құтқарушы Иисус Христостың туған күнін тойлап жатыр. Бұл тек православ христиандарына арналған ғана емес, барша адамзатқа арналған ұлы мереке. Екі мың жыл бұрын Иисус Христос дүниеге келіп, Жерге бейбітшілік - адамның Құдаймен табысуын әкелді»,- деді Георгий әкей өз сөзінде.
«Осындай күндері әрбір адамның өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, Құдайдың алдында өзінің қаншалықты адал екенін сезінгені жақсы. Себебі, әр адамның жүрегінде оған жол көрсететін Құдайдың бары анық»,- дейді Георгий әкей.
Храм настоятелі жиналған қауымды осынау мерекемен құттықтап, оларды өз рухани жан-дүниесімен және айналадағы адамдармен келісімде өмір сүруге тілектестік білдірді.
«Жер бетіндегі барлық дін Сүйіспеншіліктің, Тыныштық пен Ізгіліктің бірыңғай қағидаларын насихаттайды. Біздің елімізде барлық діннің өкілдеріне тең жағдай жасалып отырғанына мен қуаныштымын. Құдайым, баршамызға бейбітшілік және келісім, бір-бірімізге деген құрмет, өмір толымдығын берсін! Біз Құдайдың бізге берген тыныштығын сақтауымыз керек», - деп түйіндеді өз сөзін Георгий әкей.