Біздің елдеріміз арасында ешқандай проблема жоқ, бұл ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары екенін білдіреді - А.Лукашенко

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер басшыларының жоғары деңгейдегі биылғы бірінші кездесуі екенін атап өтті.
- Талқыланатын бірқатар мәселелер мен шешімдер жобалары бар. Бұл Еуразия экономикалық одағын құру жөніндегі құжаттар дайындау аясындағы өте маңызды да мәнді кездесу деп санаймын. Екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына келсек, сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқыны жақсы және оны арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар. Біздердің экономикалармыз бір-бірін өзара толықтырады және Кеден одағы оның бұдан әрі дамуына септігін тигізетін болады, - деді Қазақстан Президенті.
А.Лукашенко Қазақстанға келу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, интеграциялық поцестерде Қазақстан елордасының маңыздылығын атап өтті.