Біздің еліміздегі проблемалар тек қана бейбіт жолмен шешілуі керек - Павлодар «Беларусь» мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

«Қоғамда туындайтын мәселелерді тек қана бейбітшілік пен келісім арқылы ғана шешуге болады,» - деді ҚазАқпарат тілшісіне Павлодар қаласындағы «Беларусь» мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Любовь Богнат. - Менің жүрегім, менің санам осындай «наразылық әдістеріне» көнбейді. Кеше мен жастардың «дөңгелек үстеліне» қатыстым, біз жер бетінде қирату емес, бейбітшілік пен жасампаздық басты болып келеді деген қорытындыға келдік. Барлық, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді тек бейбіт қоғамда ғана шешіп, мемлекетті алға жетелеуге болады.
Мен ядролық қаруға қарсы қозғалысқа қатыстым, отбасы мәселелері бойынша жұмыс істеймін және адамдар мен қоғам алдында тұрған барлық мәселелерді тек бейбіт жолмен ғана шешуге болады деп қайталап айтудан шаршамаймын.