21:33, 29 Маусым 2016 | GMT +5
Біздің еліміздің алдында барынша беделді әлемдік аренада өз мүддесін ілгерілетудің бірегей мүмкіншілігі ашылып отыр - «Атамекен» ҰКП
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына орай барша қазақстандықтарды және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады.

«Бұл тарихи оқиға ең бірінші кезекте Қазақстан Президентінің еңбегі, оның барынша жоғары халықаралық беделінің көрінісі, жүйелі ішкі және сыртқы саясатының нәтижесі. Қазақстандықтар үшін бұл - біздің табыстарымызға және әлемдік аренадағы жетістіктерімізге мақтану мүмкіншілігінің бірі. Біздің еліміздің алдында барынша беделді әлемдік аренада өз мүддесін ілгерілетудің бірегей мүмкіндігі ашылып отыр. Бұл лауазымда Қазақстан жаһандық деңгейдегі бейбітшілік пен келісімнің одан әрі нығаюына қызмет етеріне сенімдіміз», - делінген құттықтауда.