Біздің еліміздің басты байлығы ? адамдар ? «Нұр Отан» ХДП XII съезінің делегаты

None
None
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының XII съезі делегаттарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Уәлихан Бішімбаев болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Съезден оралған соң ол ҚазАқпарат тілшісіне өзінің алған әсерлерімен бөлісті.«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» ХДП XII съезінде үлкен бағдарламалық сөз сөйледі. Әңгіме біздің еліміздің одан әрі қарқынды дамуы төңірегінде болды. Еліміздегі индустриялық-инновациялық дамуға жете мән берілді. Атап айтқанда химия өнеркәсібі, металлургия, агроөнеркәсіп секторы, мұнай химиясы, құрылыс салалары дамытылатын болады.Қазақстанда орасан үлкен шикізат ресурстары бар. Осы шикізаттарды біздер ? қазақстандықтар пайдалануы тиіс. Әрбір қазақстандық іспен айналысуы, жақсы жұмыс істеуге үйренулері керек.Әрине, біздің еліміздің басты байлығы ? адамдар. Еліміз Президенті де осыған арқа сүйейді. Егер біздер сапалы жұмыс істейтін болсақ Президент бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылады деп ойлаймын», ? деді ол.
Соңғы жаңалықтар
telegram