Біздің көпұлтты аймақ үшін қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім маңызды рольге ие - Н.Әбдібеков

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жерлестерін Жаңа жылмен құттықтай отырып, көпұлтты аймақ үшін өркениет белесіне бастаған қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім маңызды рольге ие екендігін атап өтті.
None
None

«Қымбатты қарағандылықтар! Аз ғана уақыттан кейін біз жаңа 2016 жылды қарсы алмақпыз.

«Жаңажылдық мерекелер - әрқашан көтеріңкі көңіл күйдің, шадыман шаттықтың мейрамы. Жаңа жыл мерекесі - туғандарымыз бен жақындарымызбен бас қосып, өткен жылды қорытындылап, қол жеткізген жетістіктермен бөлісетін мерзім.

Қарағандылықтар еліміздің жылнамасында айшықты сәттерімен жазылатын 2015 жылды лайықты шығарып салуда. Бұл жылы ауқымды жұмыстар атқарылып, келешекке бағдарланған бағдарламалар мен жобалар жүзеге асты.

Біз келісім, бірлік пен халық әлеуетін арттыруға бағытталған ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында жарқын болашаққа сеніммен қараймыз.

Біздің көпұлтты аймақ үшін өркениет белесіне бастаған қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім маңызды рольге ие.

Елбасы қолдауы нәтижесінде әлемдік экономикадағы күрделі жағдайларға қарамастан биылғы жыл табысқа толы болды. Дағдарыс кезеңінде энергтикалық кешен, көлік, байланыс, сауда жүйесі қарқынмен жұмыс істеуде. Жаңа жобалар құрылып, мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда.

Облыс экономикасы екпінмен дамуда. Бүгінгі таңда даму қарқыны бойынша біздің облыс еліміздегі алдыңғы қатардан орын алуда. Өндірістік кәсіпорындар жаңа өндірістерді игеріп, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағыттанған тауар өндірушіге айналды.

Қарқынды түрде инновациялық технологиялар қолға алынып, халықаралық сапа стандарттары енгізілуде. Тұрғын үй бағдарламасы табыспен жүзеге асып, агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуі екпін алуда. Әлеуметтік сала да толайым жетістіктерге толы.

Қымбатты жерлестер!

Біз 2016 жылы халықтың тұрмысын көтеріп, әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарымызды осы қарқынмен жалғастыратын боламыз. Бұл мақсатта Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы шеңберінде құрылған нақты жоспарымыз бар.

Тек, бірлік, табандылық және болашаққа деген сенім бізді табысқа жеткізеді. Бұл үшін бізде ұлы тарихи мұрамыз, ауқымды ресурсымыз, халқымызды біріктірген бірлігіміз сынды тіреуіміз бар.

Өтіп бара жатқан жылда жеткен жетістіктеріміз жаңа жылда бағындырар биіктерімізге қол созуға негіз болсын. Жаңа 2016 жылы әрқайсымыздың отбасымыздың, облысымыз бен еліміздің әл-ауқаты арта берсін!

Сіздерге мықты денсаулық, береке мен бірлік тілейміз!

Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа бақыттарыңызбен!», - делінген облыс әкімінің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар