Біздің сүйікті дәрігер: Алматыда танымал актер Юрий Померанцевтің мүсіні орнатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда М. Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының алдына Юрий Померанцевтің қола мүсіні орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бұл – біздің қала мен оның мәдениеті үшін маңызды оқиға. Мен үшін нағыз алматылық, көрнекті театр және кино әртісі, режиссер, ҚазКСР халық әртісі, еңбек ері, Қазақстанның Еңбек Ері, бәріміз «Біздің сүйікті дәрігер» ретінде жақсы көретін Юрий Борисович Померанцевке арналған ескерткіштің ашылуына қатысу ерекше құрмет. Менің артымда оның туған театры бар. Юрий Борисович – өз кәсібіне, өнеріне және театрына адалдықтың айрықша үлгісі. Ол мұнда 70 жылға жуық қызмет етті және Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының сахнасына адал болды», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.


Авторы – әйгілі қазақстандық мүсінші Нұрлан Далбай. Ескерткіште Шәкен Айманов (1957 жыл) түсірген «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі дәрігердің бейнесі жақсы көрініс тапқан.

«Мен Қазақстанда дүниеге келдім және 60 жылдан бері Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрында жұмыс істеймін. Юрий Борисовичтің қасында менің бүкіл өмірім өтті, оның ішінде сахна артындағы және гастрольдік. Ол бүгінде әлемдегі кез келген театрдың сахнасын айшықтайтын адам және керемет актер болды. Біз әлемнің түкпір-түкпірін жиі аралаймыз, бірақ театрға, өнерге деген осындай керемет және ерекше көзқарасты мен тек Қазақстанда ғана кезіктірдім, соның арқасында біздің театр жылдан-жылға жақсарып келеді», - деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Геннадий Балаев.


Сондай-ақ, салтанатты шараға әртістің туыстары, достары, М. Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының актерлері, меценат Нұрлан Смағұлов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Юрий Померанцев – театр және кино актері, режиссер, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы. «Ерлігі үшін» медалімен, II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен, сондай-ақ көптеген ордендермен марапатталды.


Ол өзінің мансабын Алматы сахнасында 1943 жылы Абай атындағы опера және балет театрының хорында бастаған, кейін жас көрермен театрының, ал 1954 жылдан бастап Лермонтов атындағы орыс драма театрының актері болды. Померанцев Кеңес киносының «алтын қорына» енген фильмдерде 300-ден астам рөлді сомдады.

Еске салайық, Юрий Померанцев былтыр наурыз айында 100 жасқа қараған шағында дүниеден озған еді.


Соңғы жаңалықтар