Біздің жемісті де жеңісті жолымыздың негізінде қашан да басты құндылығымыз - Тәуелсіздік тұрды - Н.Назарбаев
«Біз тәуелсіздіктің 20 жылдығын лайықты қарсы алуға тиіспіз. Сондықтан «Нұр Отанның» алдында тәуелсіздік мерейтойын өткізу ісіне белсене қатысу міндеті тұр», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Нұр Отан» партиясының съезі біз үшін қастерлі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Осыдан 20 жыл бұрын біз дербес дамудың жолына түстік. Бұл шын мәнінде ел тарихындағы жаңа дәуірдің бастауына, жасампаздық пен қарышты дамудың даңғылына айналды. Біз алға биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алатынымызды ең әуелі өзімізге және өзгеге дәлелдедік», - деді Н. Назарбаев.
Осы орайда ол Қазақстанның бірегей жолы - қоғамдық келісім мен халқымыздың бірлігі, болашаққа деген ерік-сенімі нәтижесінде жүзеге асқанын қадап айтты. «Нұр Отан» партиясы елді жаңғырту ісіне жетекшілік етуі тиіс», - деп түйіндеді сөзін Президент.