Біздің жетістіктеріміздің бәрі Тәуелсіздігіміздің жеңісі - А. Мұсақожаева
Еске сала кетейік, Елбасының Жарлығымен А. Мұсақожаева Қазақстан Республикасын әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» құрметті атағына ие болды.
«Бүгінгі біздің қазақстандық талантты жастарда мүмкіндік көп. Олар шетелде білім алуға, өздерінің шеберлігін әлемдік жоғары деңгейде шыңдауға, магистратуралық білімдер алуға, халықаралық фестивальдарға қатысуға мүмкіндіктері мол. Осының бәрі Тәуелсіздігіміздің арқасы, Тәуелсіздігіміздің жеңісі. Тіпті, біз осыдан 23 жыл бұрын бүгінгідей биікке жете аламыз деп те ойлаған жоқ едік», - деді А.Мұсақожаева.
Сонымен қатар, А. Мұсақожаева Елбасының атына бүгінгідей сара жолды айқындағаны үшін алғысын жеткізді. «Бүгін саяси қайраткерлер ғана емес, өнер, мәдениет қайраткерлері де жоғары марапатқа ие болып отыр. Бұның барлығы Елбасы айқындаған жолдың жемісінен деп білемін», - деді ол.