Бізге дінаралық сұхбаттың нақты тұжырымдамасы қажет - Ислам идеологиясы кеңесінің президенті

Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі аясында «Сұхбат және ынтымақтастық» секциясы бойынша баяндама жасаған Ислам идеологиясы кеңесінің президенті Мұхаммад Халид Масуд осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталған тұжырымдама ұлттар, мемлекеттер мен өркениеттер арасындағы бейбіт мақсаттағы сұхбатты жүргізуге бағытталуы тиіс. «Қазіргі уақытта бізде дінаралық төзімділік пен келісімнің мол тәжірибесі бар. Бұл тәжірибе көрсетіп отырғандай, біз нәтижеге негізделген өзара сұхбатты жүргізе аламыз. Ең бастысы, біз бір-бірімізге ашық әрі әділ болып, тең құқылы дәрежеде сөйлесуіміз қажет. Біздің сұхбатымыз нәтижелі болуы тиіс. Онсыз біздің сұхбатымыз бос әңгіме болып қала бермек», - дейді Мұхаммад Халид Масуд.