«Бизнес- кеңесші» бағдарламасы бойынша 740 кәсіпкер білімдерін жетілдірді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының өңірлерінде жұмыс істеп жатқан және өз істерін енді бастаған 740 кәсіпкер өткен жылдың төртінші тоқсанында «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша қысқамерзімдік курстарды аяқтады,
None
None

деп хабарлады «Даму» қоры» акционерлік қоғамының аймақтық филиалынан.

Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары бизнесті тиімді басқару бойынша тренингтер өткізді. Кәсіпкерлер жаңа заңнамлық актілермен танысты және курсты аяқтағаннан кейін сертификаттар алды.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы ағымдағы жылы да жалғасын таппақ. Іскер адамдарды және кәсіпкерлікпен айналысуға ықыласты азаматтарды қаржылық емес қолдаудың мемлекеттік шарасы ретінде бұл тренинг-курстар аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға айтулы үлес қосып отыр.

Соңғы жаңалықтар