Бизнес өркениетті болуы тиіс - Жамбыл облысының әкімі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Бизнес өркениетті болуы тиіс» - бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Тұрар Рысқұлов ауданына жасаған сапары барысында «Сара және К» ЖШС сауда нүктелерінің иелерімен болған кездесуде айтты.
None
None

Тараздан жарты сағаттық жолда, Ақыртөбе ауылының маңында, республикалық трассаның бойында көптеген сауда нүктелері бей-берекет орналасқан.

Халықаралық трассаның салынуына және сауда нүктелерінің бұзылуына байланысты олардың иелері өз бизнестерінен айырылғаны үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Облыс әкімі сауда жүргізушілерге олардың бизнестерінің дамуына ешкім де кедергі келтірмейтінін айтты. «Бірақ алдағы уақыттары бизнес өркениетті болуы тиіс. Үйлер бірыңғай сәулет стиліне сәйкестендірілуі, санитарлық-гигиеналық, заңнамалық және өзге де нормалар сақталуы керек», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар