Бизнес пен мемлекет арасындағы жұмыстың ұзақмерзімді ережесін қалыптастыру қажет - Қ.Көшербаев

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан «Әлеуметтік қауіпсіздік және БАҚ» тақырыбындағы семинар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев айтты.
«Біз қазіргі даму деңгейімізде-ақ экономикамызды қамтамасыз ете аламыз, ал біздің бизнес инновацияны әркезде де түсіне бермейді», - деді Қ.Көшербаев.
Оның атап өтуінше, кәсіпкерлерде әр уақытта да өндірісті жаңғыртуға ынта болмайды немесе олардың жеткілікті қаржылары жоқ. Сонымен қатар, олардың пайымынша, мемлекет қандай секторда бәсекелестіктен қорықпай мол қаржыны ұзақмерзімге салуға болатындығын нақты айтпайды.
«Басқаша айтқанда бизнес пен мемлекет арасындағы жұмыстардың ұзақмерзімді ережесін қалыптастыру қажет. Сонда ғана жаңғыртуға, оның ішінде өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін техникалық жабыдықтауға мүдделілер пайда болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.