Бизнесін таза жолмен жүргізетін бизнесмендерге ешқандай қауіп жоқ - М. Өтебаев

АЛМАТЫ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Бізде ынтымақтастықтың ең жоғары үлгісі жеке сектормен жасалған деп ойлаймын". ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитетінің төрағасы бүгін Алматыда өтіп жатқан
None
None

"Жеке сектордың қызметіндегі қаржылық қауіпсіздік мәселелері және қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет саласында халықаралық стандарттарды қолданудың озық тәжірибелері" деп аталатын Қазақстан-Ресей консультативтік форумында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің қаржылық, құқықтық жүйе жоғары режімде жұмыс істейді. Сондықтан өзге елдермен салыстырғанда жоғары талап қойылып отыр. Біз бизнестің әрқайсысын жеке-жеке қадағаламаймыз. Бақылау-қадағалау қызметінен саналы түрде бас тарттық. Өйткені ол бизнес секторын дамытуға кері әсер етеді. Бизнесін таза жолмен жүргізетін бизнесмендерге ешқандай қауіп жоқ. Біз қылмыстық жолмен табылған кірістің заңдастырылып кетпеуін ғана бақылаймыз", дейді ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаев. Оның айтуынша, зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда заңсыз кірісті заңдастырудағы ең жоғарғы тәуекел - казинода. Сондықтан ондағы табысты заңдастырудың жоғарғы шегі 1 миллион теңге деп белгіленіп отыр. Офшорлық қаражаттың шкаласы 2 миллион теңге болса, анонимдік шоттарда бұл 2 миллион теңгені құрайды. Ал 45 миллион теңгелік ең жоғары сома мүлік пен бағалы қағаздарда қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар