Бизнеске қатысты заңсыз шешімдерді жоюда, прокурорлық сүзгі маңызды – Үкімет басшысы

Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов инвесторлардың құқығын қорғауда бизнестің де мүддесі маңызды екенін айтты.

«Ең маңызды басымдықтың бірі – отандық өнеркәсіпті дамыту. Отандық компаниялар ірі инвесторлармен жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинап, сапа стандарттарын арттырады. Мультипликативті ірі инвестициялық жобалар әртараптандырылған экономикалық экожүйенің қалыптасуына ықпал ете отырып, шағын және орта бизнес белдеуінің дамуына әсер етеді. Еліміздегі шетелдік өндірістердің дамуымен өнімдердегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға талпынамыз. Отандық өнеркәсіпті ілгерілету мақсатында сатып алудағы оффтейк-келісімшарттардың үлесін 10%-ға дейін жеткізу жоспарлануда», - деді Олжас Бектенов елордада өтіп жатқан «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашақты пайымдау» атты форум барысында. 

Премьер-министр отандық кадрларды даярлау мен қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Күн тәртібінде алдымен отандық мамандарды еңбекпен қамту. 

Одан әрі Үкімет басшысы отандық және шетелдік инвесторлардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасалатынын тілге тиек етті. 

«Қазақстан инвесторларға «Астана» халықаралық қаржы орталығында және ұлттық құқықтық жүйеде ағылшын құқығы арасындағы таңдаудың бірегей мүмкіндігін ұсына отырып, монополиядан юрисдикцияға саналы түрде көшті. Инвесторларды қорғаудың тағы бір маңызды құралы – бизнеске қатысты заңсыз шешімдерді жою, бұл жағдайда прокурорлық сүзгі маңызды. Біз инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерге қол қойдық. Осы секілді келісімдер 51 елмен жасалды», - дейді Олжас Бектенов. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда инвестициялық саясаттың жаңартылған тұжырымдамасы қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram