Бизнеске жұмыла кірісуге және мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамын - Б. Сағынтаев

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер «Алатау Құс» ЖШС құс фабрикасының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорында өңірлік карта индустриализациясының шеңберінде Алматы облысымен қолданыстағы жабдықтарды жаңғырту жүргізілді. Нәтижесінде жылына құс етінің өндірістік қуаты 16 мың тоннаға дейін артты. Жобаны жаңғыртудың жалпы құны 2531 млн. теңгені құрады, оның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 2 031,4 млн. теңге сомада заемдық қаражат берді. Бүгінгі күні құс фабрикасының дайын өнімдері еліміздің барлық өңірлерінде сатылады, сонымен қатар, Қырғызстанға импортталады.
Одан әрі Алматыда бірінші вице-премьер республикамыздың жол құрылысы саласындағы «Алматы көпір құрылымдар зауыты» ЖШС жүйе құрайтын кәсіпорынын қарап шықты. Бүгін зауытта ресей нарығындағы өнімдерді экспорттау жөніндегі мәселелер белсенді түрде талқылануда. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының жобалық институттарымен қазақстандық өнімдерді ресей көпірлері мен жол өткелдері жобасының құрылысында қолдану туралы келіссөздер жүргізілуде.
Одан әрі Бақытжан Сағынтаев Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) жұмысымен танысты. Онда қаланың кәсіпкерлеріне түрлі ақысыз кеңестер беріледі. Сонымен қатар, орталық «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Агробизнес-2020» және т.б. бағдарламалар бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бірінші вице-премьер бизнесмендермен, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматыдағы филиалының мүшелерімен кездесті.
«Күннің екінші жартысында бірінші вице-премьер «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның бағдарламаларын жүзеге асыру және Алматы маңы азық-түлік шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері жөнінде өңірдің кәсіпкерлерімен кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы облысы әкімінің орынбасарлары және қала активі қатысты», - деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен..
Бақытжан Сағынтаев «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес еліміздің агроөндірістік кешенін дамытуға алдыңғы жылдардан да жоғары деңгейде жалпы едәуір бюджеттік қаражат жұмсалып жатқанын айтып өтті.
Кеңесте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары: «Аталған бағдарламаны іске асырудың тиімділігі тікелей мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар, кәсіпкерлерге де байланысты екенін, сонымен қатар, бизнеске жұмыла кірісуге және мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамын»,- деп атап өтті.