01:49, 19 Сәуір 2014 | GMT +5
Бизнесменнің асқазанынан алтын құймасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан астанасы Делиде бизнесменнің асқазанынан он екі алтын құймасы табылды. Бұл туралы ота жасаған хирург мәлім етті.
63 жасар ер адам жүрегі айнып, іші қатты ауырып, ауруханаға түскен. Ол дәрігерге әйелімен жанжалдасып, қатты ашуланғандықтан тығын жұтып қойғандығын айтқан.
Хирургтер науқастың асқазанынан бөтелке тығынын емес, салмағы 400 грамм болатын алтын құйма алып шықты, деп хабарлады Mignews.
Ота жасаған дәрігерлер полицейлер мен кеден органдары кәсіпкерден жауап алғанын, алтын құйманы тәркілегенін хабарлады.