Бизнестен мемлекеттік қызметке: үміткерлерге қандай талаптар қойылады

госслужащие
Фото: KAZINFORM

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Jibek joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасының эфирінде мемлекеттік қызметке жеке сектордан мамандарды тарту туралы айтты.

«Біріншіден, сервистік аппаратты құру, ол тек агенттік емес мемлекеттік органдардың күшімен жасалады. Бізге қарасты Мемлекеттік басқару академиясы ішінен HR институтын аштық. Одан бөлек, Мемлекет басшысы бізге жеке сектордан білікті мамандарды тартуды тапсырды. Осыған байланысты біз басқармалар, департаменттер басшыларын тікелей тағайындауды қолға алдық», - деді Дархан Жазықбай сұхбат барысында

Агенттік басшысының айтуынша, түрлі жеке секторда жұмыс істеп жүрген мамандарды мемлекеттік қызметке тарту қолға алынғанын айтты. 

«Оларды қабылдар алдында басты 3 талап қойылады, олар мемлекеттік органдардағы өтілі, құқық қорғау немесе соттағы өтілі және жеке функцияналдық қабілеті», - дейді агенттік басшысы. 

Айта кетсек, Д. Жазықбай Үкіметтің қарауына мемлекеттік қызметшілер зейнетке шыққан кезде жалақысының 70 пайызын сақтап қалу ұсынылғанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар