Бизнесті тексеру тағы да 30 пайызға азаятын болады - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бизнесті тексеру тағы да 30 пайызға азаятын болады. Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шарасы барысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бізге шикізаттық емес сектор экспорты шапшаң өскені маңызды. Бұл сала қазірдің өзінде 21 млрд. теңгені құрап отыр. Шетелдік инвестиция ауқымы да осы салаға артып келеді. Өткен жылдары ол 6 есеге өсіп, 2010 жылы 18 млрд. доллардан асты. Бұны бір кездері ойлауға да шамамыз келмеп еді. Алайда қызу жұмыстың арқасында бұған қол жеткіздік», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент еліміздегі индустрияландырудың бірінші жылы ғана қорытындыланып отырғанын, 369 нысан іске қосылып, миллиардтаған теңге игерілгенін, бұның барлығы экономикаға, елдің ахуалын арттыруға жұмыс істейтінін айтты. «Бұл бағытта шағын және орта бизнес басым рөл атқарады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданды. Оларға жеңілдіктер де қарастырылып келеді. Тексерулер қысқарды, жеңілдетілген несиелер ұсынылуда. Алдағы уақытта да тексерулерді 30 пайызға азайтатын боламыз», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram