«Бизнестің жол картасы-2020» аясында кәсіпкер-әйелдердің 2,4 мың жобасы қаржыландырылды

«Менің ойымша, әйелдердің басқаруындағы кәсіпорындар Қазақстандағы отбасылық бизнестің дамуына негіз бола алады. Біздің елде бұл бағыт енді ғана күш алып келеді, бірақ қазірдің өзінде отбасылық бизнестің сәтті жобалары бар. Меніңше бұл - әлеуеті жоғары бағыт. Оны өз кезегінде қолдап, дамытып отыру қажет», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылдың көктемінде ҚР Үкіметі қабылдаған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламсы кәсіпкер-әйелдердің белсенділігін көрсетті. Бағдарлама аясында несие ставкаларын кепілдендіру бойынша кәсіпкер-әйелдермен 491 келісімшарт жасалды. Несиелердің жалпы көлемі 17,3 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 242,5 млн. теңгеге 2000 жоба субсидияланды.
2014 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған әйелдердің басқаруындағы компаниялар 187,3 млрд. теңгенің тауарын шығарды. Сондай-ақ 12,9 млрд. теңге салық төленіп, 3581 жұмыс орны ашылды.