«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқасында кәсіпкерлік жаңа деңгейге көтерілмек - А.Василец, БҚО

ОРАЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасының биылғы Жолдауы кәсіпкерлер алдына жаңа көкжиектер ашып отыр. Елбасы айтқандай, бизнес мықты болса, мемлекет те соғұрлым күшті болмақ.
None
None

Жаңа мемлекеттік жобалар, соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқасында кәсіпкерлік биік белеске көтерілетін болады. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты, «Василец» ЖШС директоры Алексей Василец мәлім етті.

Оның айтуынша, Елбасы саясаты арқасында жаңа өндіріс орындары ашылып, оның өсіп-өркендеуі қамтамасыз етіліп отыр. Биылғы Жолдауда әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. «Біздің мақсат-міндет, табысымыз ынтымағымызға, халық пен мемлекеттік биліктің бірлігіне байланысты болмақ. Елбасының арқасында Қазақстан ұлтаралық келісім орныққан, әлем таныған мемлекетке айналды. Кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы бүгінгі тұғырымызда бекіп қана қоймай, бизнесті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз өз жұмысымызды Елбасы тапсырмасына сай ұйымдастыра білуіміз керек», деді кәсіпкер-депутат.

Соңғы жаңалықтар