«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Астанада 413 жоба мақұлданды
Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, осы жобалардың ішінен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша несие желісі жалпы сомасы 69110 млн. теңгені құрайтын 361 жоба мақұлданды. Сонымен қатар, несиелерді кепілдендіру бойынша жалпы сомасы 2 599,80 млн. теңгелік 53 жоба мақұлданды. Өндірістік инфрақұрылымда республикалық бюджет қаржысы есебінен жалпы құны 2709,43 млн. теңгелік 32 жоба келісілді. Бағдарламаның гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 59,9 млн.теңгенің 20 жобасы мақұлданды. Соның ішінде, балалар киімдерін шығару, шағын жылыжайлар салу, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған такси қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар инновациялық қар еріту құралының көмегімен қар жинау бойынша қызметтер көрсету, перделер тігу бойынша жобалар да бар. «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағыты бойынша 3800 астам адам оқытылды және бизнесті жүргізу бойынша 10 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілді», делінген хабарлама.